×

Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары бас қосады

Қазір қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобалары қаралып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 18:38
фото: ашық дереккөз

11 қараша күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары бас қосады.

Тиісті шешім Ыстамбулда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысында қабылданған болатын.

Осыған байлансты Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Владимир Норов бастаған делегация Стамбулда Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысына қатысты.

Кездесуде Ұйым аясындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылып, Самарқандта өтетін TМҰ саммитіне қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобалары қаралды.

Алдағы іс-шара құрылымның 2021 жылы Түркі кеңесінен Түркі мемлекеттері ұйымына өзгергеннен кейінгі бірінші саммиті болып саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама