×

НАТО Украинаға дронға қарсы қаруды жеткізеді

Жақын арада Солтүстік Альянс ұшқызсыз аппаратты ұшырып түсіретін құрал-жабдық береді

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 18:28
фото: ашық дереккөз

Жақын арада НАТО Украинаға дронға қарсы құрал-жабдықтар береді.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, Солтүстік Альянс Иран дронын жоюға арналған жүздеген техникалық жүйе беруді жоспарлап отыр. 

Алдағы күндері НАТО ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың, соның ішінде ирандық қауіпке қарсы тұру үшін ұшқышсыз ұшақтарға қарсы жүйелерді жеткізеді, –  деді Столтенберг Берлиндегі сыртқы саясат форумында.

Блок басшысы Украинаны бұрын уәде етілген әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, Киевке техниканың осы түрін жеткізу көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама