×

Орталық Азия шығармашыл жастарының форумы басталды

Оған Ауғанстаннан да қаламгерлер келді

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 18:09
фото: ашық дереккөз

Ташкентте Өзбекстан Жазушылар одағының бастамасымен Орталық Азия шығармашыл жастарының форумы өз жұмысын бастады.

Форумның алғашқы күні Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстан мен Қырғызстанның жас қаламгерлері Өзбекстан Жазушылар одағы мен Жазушылар даңғылында болып, Әлішер Науаидың мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас жаңа даму сатысына көтерілді. 2018 жылы Қазақстанда «Өзбекстан күндері» мерекелік шаралар табысты өтті. Оның аясында әдеби іс-шаралар да болды. 

Форумға қатысушылар Өзбекстан Жазушылар одағының және оның мұражайының қызметімен танысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама