Нобель сыйлығы лауреаттары Астанаға келеді
Халықаралық форум 26-28 қазан аралығында өтеді
26-28 қазан аралығында Нобель сыйлығы лауреаттары Астанада өзекті тақырыпты қозғайды. Ауқымды халықаралық форум Бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді.
Форумда Нобель лауреаттары, Халықаралық компаниялардың басшылары, әлемдік новаторлар және қоғам көшбасшылары бірқатар маңызды тақырыпты талқылайды.
Қатысушыларға ресми форуммен қатар ғылыми-танымдық TED Talk жүргізіледі. Жиында спикерлер төмендегі тақырыптарды талқылайды:
- Дағдарыс кезіндегі бақыт;
- Жаңа қаржылық дағдарысқа ұмтыламыз ба?
- Сәтсіздіктер қалай инновацияны тудырады?
- Homofuturus: адамзат бастауы немесе соңы ма?
- Шексіз ақыл-ой;
- Инновацияның болашағы;
- Университет нені үйретпейді?
- Ұтымдылықтың маңызы неде?
- Жаһандану дағдарысы;
- Соғыс туралы сіз не білмедіңіз?
Форумға қатысатын спикерлер арасында 2011 жылғы бейбітшілік саласында Нобель сыйлығының иегері Тавакуль Карман, 2007 жылғы бейбітшілік саласында Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг бар.
Сондай-ақ Amazon президентінің орынбасары Пол Мизенер, 2021 жылғы мұғалімдердің әлемдік сыйлығының иегері Кейша Торп, АҚШ венчур бизнесінің негізін қалаушы Тим Дрейпер, CEO InDriver Арсен Томский сөйлейді.
Спикерлер арасында Қазақстан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, JUSAN Bank бас атқарушы директоры Нұрдәулет Айдосов, SAP глобалды корпорациясының бас футурологі Мартин Везовски бар.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, халықаралық форумда Гарвард университетінің психология профессоры Стивен Пинкер, «Life Design: өмір өзгертуге 30 минут» бестселлерінің авторы Джина Шолер, жазушы Эштон Эпплуайт та спикрелер қатарында бар.
Нобель фестивалі – ең үлкен халықаралық бейкоммерциялық технология мен ғылыми-білім іс-шарасы. Nobel Fest міндеті – білімді және ғылымды бүкіл әлемнің түкпір-түкпіріне қолжетміді ету. Жыл сайын фестивальға 14-тен көп Нобель сыйлығының иегері, 14 «Breakthrough Prize» (Ғылыми Оскар) иегерлері, әлемдік новаторлар, 155 елден 500 университет қатысады.