Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасында қару дүкеніне шабуыл жасаған адам ұсталды

Оның әкесінің үйінен де қару-жарақ тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 17:14
Қаңтар оқиғасында қару дүкеніне шабуыл жасаған адам ұсталды
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының полициясы Жетісу облысының тұрғынынан Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тәркіледі.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған азамат Жетісу облысының 26 ​​жастағы тұрғыны болып шықты. Ол ұсталып, қамауға алынды.

Л. есімді азаматты тінту кезінде одан Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған тапанша тәркіленді. Оның үйінен тапаншаның қабы табылды. Сонымен бірге күдіктінің  Жетісу облысы Қаратал ауданындағы әкесінің үйіне де тінту болды. Онда 12-калибрлі ИЖ-26 тегіс ұңғылы мылтық қабымен, оған арналған оптика, пышақ және тапанша түріндегі оттық тәркіленді, – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 291-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама