Halyq Uni логотип
×

Тас жолдың жиегінде тұрған әйел мен оның қызын көлік соғып, мерт етті

20 жастағы жүргізуші басып озу маневрін жасау кезінде рөлге ие бола алмай қалған

 Динара Амантай 20.10.2022 | 16:58
Тас жолдың жиегінде тұрған әйел мен оның қызын көлік соғып, мерт етті
Фото: polisia.kz

Алматы облысында жол жиегінде тұрған анасы мен қызын көлік қағып, мерт қылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 9:50 шамасында Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші «Алматы-Алатау» автожолымен батыс бағытта келе жатқан. Тасжолдың 4-шақырымында, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасау кезінде рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кетті, – делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама