Құлсарылық зейнеткер 11 жастағы баланы джиппен қағып кетті (ВИДЕО)
Бала оқиға орнында көз жұмды
Атырау облысында зейнеткер жасөспірімді қағып кетті. Соның салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 7.45-те Құлсары қаласында болған. Toyota Prado автокөлігінің 73 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 11 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.