Қазақстанда 6 колония жабылады

Дәурен Ерболат

Онда аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеп жатыр

Фото: tomsk.ru

Елімізде төтенше қауіпсіз 6 мекемені жабуды жоспарлап отырмыз. Бұл туралы бүгін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде Қазақстанда төтенше қауіпсіз 6 мекеме бар. Бұрынғы терминологияға сәйкес, ерекше режимдегі колониялар. Олар Қазақстанның барлық өңірінде орналасқан. Қазір біз осы мекемелерді жауып, ондағы сотталғандарды қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге ауыстырғымыз келеді.  Олар жазасын тұрғылықты жері бойынша өтейді. Осылайша, сотталғандардың әлеуметтік байланысы жақсарады. Төтенше қауіпсіз мекемелерде аса ауыр қылмыс жасағандар мен қылмысты қайта жасағандар отыр, - деді Мейрам Аюбаев Мәжілістің кулуарында.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 34 мың сотталушы бар. Оның 28 мыңы бас бостандығынан айыру орындарында отыр, ал 6 мыңы тергеу изоляторларында екен.

Айта кетсек, қазір Мәжілісте «Қазақстанның қылмыстық, қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.