Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды
Ақтөбеде тергеу изоляторының бастығы сотталушыны камерадан казармаға ауыстырғаны үшін 450 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақтөбе қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотпен биыл 7 қыркүйекте Ә. есімді азамат Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/3 мекемесінің бастығы бола тұра, сотталушы Д.-ны жазасын өтеу үшін камералық үлгідегі үй-жайдан казармаға ауыстыру және болашақта жұмыспен қамтамасыз ету үшін 450 мың теңге ақша-қаражатын алғаны анықталған.
Сот отырысы кезінде сотталушы кінәсін толық мойындады.
Оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.