×

«Енді қателесуге қақымыз жоқ»: Ташкент қаласының бас жоспары қаралды

Халыққа жасалуы тиіс қолайлылықты ескеру керек, - деді Шавкат Мирзияев

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2022 | 09:54
фото: ашық дереккөз

18 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев «ТашкентбошпланЛИТИ» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнында болып, қаланың 2045 жылға дейінгі бас жоспарының жобасымен танысты.

Ташкент – біздің астанамыз, еліміздің ең үлкен қаласы. Бес жылда инвестиция мен кәсіпкерлерге жағдай жасадық, жаңа үйлер, заманауи нысандар бой көтерді. Бұл да қажет. Болашақты ойлап, стратегияны нақты белгілемесек, он жылдан кейін қалада тұру қиынға соғады. Инфрақұрылым қосымша қысымды көтермейді. Енді қателесуге қақымыз жоқ. Халыққа жасалуы тиіс қолайлылықты ескеріп, жобаны 50 жыл бұрын дұрыс жасамасақ, қаланың сәулеті де, экономикасы да, экологиясы да болмайды, –  деді ол.

Қазір Ташкент қаласының аумағы 43 мың гектар. Халқының саны 3 миллион адамға жақындады. Инфрақұрылымдық желілерге жүктеме артты. Күннен күнге көліктер көбейіп, қозғалыс қиындап барады. Шаң мен түтін қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде.

Сондықтан Өзбекстанның басшысы бұл мәселеге ерекше мән беріп, Ташкенттің сәулеттік келбетін сақтап, болашақ құрылыстарды қала сыртында жасауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, былтыр «Жаңа Өзбекстан» саябағының ашылу салтанатында және ташкенттік сайлаушыларымен кездесуде осыған байланысты тұжырымдама дайындалып жатқаны айтылған еді.

Қаланың 2045 жылға дейінгі бас жоспарының жобасын дайындауда «ТашкентбошпланЛИТИ» кәсіпорнында шетелдік және жергілікті дизайнерлер екі жыл жұмыс істеді. Халық санының өсуі, көліктік және инженерлік желілер, климаттық өзгерістер талданып, соның негізінде көлік тораптары мен елді мекендерді дамыту стратегиясы әзірленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама