Ол кем дегенде жарты жылдай болады
Автосарапшылар елімізде көліктің бағасының қымбаттауы мүмкін екенін айтты.
Atameken Business-тің хабарлауынша, бұған АҚШ-тан Қытайға микрочиптерді экспорттауға қойылған шектеулер себеп болуы мүмкін.
Автосарапшылардың айтуынша, қазіргі кезде Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері әлемдегі ең ірі автоөндірушілер үшін жартылай өткізгіштерді жеткізудегі басты мемлекеттер. Экспортқа шектеулер жағдайды ушықтыруы мүмкін.
Соңғы екі жылда әлемде чип өндірісінің тапшылығы шамамен 10 пайыз болыпты. Ал мұндай жағдайда көліктің бағасы шамамен 15-25 пайызға қымбаттайды.
«Бағаның қымбаттауы бола береді. Осыны пайдаланып неше түрлі спекуляция болуы мүмкін. Көліктің бағасы аз ғана уақытқа қымбаттайды. Бірақ бұл экспортқа тыйым салумен тікелей байланысты емес. Бағаның өсуі бұрыннан бері болып жатыр. Ұзақ уақыт бойы біз одан арыла алмаймыз. Ол кем дегенде алты ай жалғасады. Барлығы қымбаттайды», – деді автосарапшы Павел Федотов.