Halyq Uni логотип
×

Елімізде электронды шылым тартатын балалардың саны үш есе өскен

Оны 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер әдетке айналдырған

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 18:01
Елімізде электронды шылым тартатын балалардың саны үш есе өскен
фото: ашық дереккөз

Елімізде 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды шылымды тартатын балалардың саны төрт жылда үш есе өскен.

Бұл жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жүргізген зерттеуі нәтижесінде белгілі болды. 

Елімізде электронды шылымды бақылаусыз сатуға байланысты оны балалар арасында қолдану жиелеп кетті. Ол барлық жерде жастарға қолжетімді бағада сатылады. Әрбір азық-түлік дүкенінде сатылатын вейптердің бағасы 2 000 теңгеден аспайды. ДДҰ-ның Қазақстандағы зерттеуіне қарағанда, 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды шылым тарут төрт жылда 3 есе өсті, –  делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Министрлік мәселенің шешімі ретінде жасөспірімдер мен балаларға электронды шылымды тартуға және вейп айналымына шектеу қоятын норманы жетілдіруді ұсынып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама