Halyq Uni логотип
×

АҚШ астанасындағы бас аспаздар байқауында қазақтың ұлттық тағамдары жасалды

Ондағылар жылқы етін жемейтіндіктен, әдеттегідей қазы-қарта мен жал-жая болмады

 Еркеғали Болатұлы 18.10.2022 | 17:05
АҚШ астанасындағы бас аспаздар байқауында қазақтың ұлттық тағамдары жасалды
фото: ашық дереккөз

АҚШ астанасы Вашингтонда 40 елшіліктің бас аспаздары арасында жыл сайын өтетін байқауға Қазақстан тарапы да қатысты.

Аспаздардың жарысы бірнеше жылдан бері өтіп келеді. Десе де Қазақстан алғаш рет қатысып отыр. Дастарханынан 7 түрлі тағамды көруге болады. Келіп дәм татушылар қайнатылған сүттен жасалған қоспаны қатты ұнатқан. Сондай-ақ қазақтың дәстүрлі тағамы – бауырсақ пен балқаймақтың дәмі құдды бір жайлауды еске түсіреді, - деп хабарлады Qazaqstan телеарнасының тілшісі Жалғас Сәдібекұлы.

Қазақтың дастарханы көпке ұнаса керек, әр сәтте ұзынсонар кезек пайда болған. Қазылар алқасы да асықпай, әр астың дәмін мұқият татып көрген. Тағам ғана емес, оның ұсынылуы мен жайылған дастарханның безендірілуіне де назар аударыпты.

Дастарханнан әдеттегідей қазы-қарта мен жал-жаяны байқамайсыз. Өйткені ондағы жұрт жылқы етін жемейді, тіпті кейбір штатта қатаң тыйым салынған.

Қорытындысында бұл байқаудың бас жүлдесі Филиппин елшілігіне бұйырды. Алайда мақсат – жеңіс емес, жеңсік асты жария ету. Сондықтан арнайы іс-шара ұлттық тағамдар арқылы қазақты танытудың тағы бір жолы болып тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама