×

Астанада «Сұлтан Байбарыс» кітабы таныстырылды

Жинақтағы тарихи дәлел-дәйектер арабша жазылған түпнұсқа материалдардан алынған

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 16:41
фото: Шыңғысхан Тағай

Астанада «Сұлтан Байбарыс» кітабы таныстырылды.

Келесі жылы Мысырда билік құрған Сұлтан Байбарыстың туғанына 800 жыл толады. Осыған орай Астанада арабтанушы Қайрат Сәки «Сұлтан Байбарыс» кітабын оқырманға таныстырды. Бұл жинақ - автордың 2020 жылы жарыққа шыққан еңбегінің толықтырылған нұсқасы. Кітап 1000 данамен шыққан.

Жинақта Сұлтан Байбарыстың өмірбаяны, сын сәттері толық жазылған. Сонымен бірге кітапта мәмлүктердің төртінші сұлтанның шын есімі «Бейбарыс» емес, араб тілінен алғанда Байбарыс екені дәлелденген. Кітаптағы тарихи дәлел-дәйектер сұлтан туралы арабша жазылған түпнұсқа материалдардан, қолжазбалар мен естеліктерден алынған.

Кездесуде Қайрат Сәкидің тағы екі кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.  

«2020 жылдың соңына дейін шетелде қызмет еттім. Сондықтан 2020 жылы екі кітаптың, атап айтқанда «Ер қаруы – бес қару» мен «Юрта на вершине пирамиды» деген еңбектердің таныстырылымдарын бірге өткізейік деп шештік. Оның біреуі таза аударма, екіншісі әскери іске қатысты кітап. Олар 2 000 данамен шықты», –  деді Қайрат Сәки.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама