Көші-қон полициясының қызметкерлері оған қатысты тиісті іс-құжаттар жинақтап жатыр
Қазір Атырау қаласының ПБ учаскелік полиция инспекторлары «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.
Шара барысында полицейлер 2015 жылдан бері құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 53 жастағы азаматын анықтаған. Ол Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Қазір көші-қон полициясының қызметкерлері шетел азаматына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақтап жатыр. Ол құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.