Босатылғандардың ең үлкені – 62 жаста, ең кішісі – 21 жаста
Украина мен Ресей арасында тағы да тұтқын алмасуы болды. Соның нәтижесінде 108 украиналық әйел үйлеріне оралды.
BBC News-тің хабарлауынша, тұтқыннан босатылғандардың арасында Ресейдің Донецк, Луганск, Запорожье мен Херсон облыстарына кең ауқымды шабуылы басталғанға дейін тұтқынға алынған қыз-келіншектер бар.
Босатылған тұтқындардың ең үлкені – 62 жаста, ең кішісі – 21 жаста.
Бүгін кезекті рет тұтқын алмасуға мүмкіндік туды. Бұл енді, біз үшін өте қиын болды. Біз алғаш рет 108 әйелді тұтқыннан босаттық, – деді Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак.
Оның айтуынша, «Азовстальде» болған 37 адам, 11 офицер, 85 қатардағы жауынгер мен сержант, Қарулы күштердің 35 сарбазы, 32 әскер-теңіз күштің жауынгері, 12 аумақтық қорғаныстың өкілі, Ұлттық ұланның 8 адамы, 13 мемлекеттік қызметкер, шекара қызметінің 4 өкілі мен 12 қатардағы азамат тұтқыннан болғандармен бірге үйлеріне оралды. Кейбір адамдар 2019 жылдан бері Ресейдің тұтқынында болған.