Halyq Uni логотип
×

Тараздағы пәтер кезегінде қайтыс болған 257 адам бар болып шықты

Сонымен қатар, некедегі 2 мыңға жуық адам бойдақтар тізімінде болған

 Еркеғали Болатұлы 18.10.2022 | 14:17
Тараздағы пәтер кезегінде қайтыс болған 257 адам бар болып шықты
фото: ашық дереккөз

Таразда баспана кезегінде қайтыс болған адамдардың да тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы бүгін «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген тексеріс нәтижесі қайтыс болған 257 азаматтың пәтер кезегінде тұрғанын айғақтаған. Сонымен қатар, некедегі 2 мыңға жуық адам бойдақтар тізімінде болған.

Кезекте тұрғандардың 3 мыңы түрлі жылжымайтын мүлікке иелік етеді, 80-ге жуық адам облыста тіркелмеген, 17-сі басқа елдерде тұрады. Анықталған адамдардың бәрі пәтер кезегіне мемлекеттік қызметкер, мүгедек, жетім және басқа да әлеуметтік осал топ өкілдері ретінде тіркелген. Тексеру жалғасып жатыр.

«Қазір мониторинг нәтижелері әкімдіктерге жолданды. Ведомствоның араласуы нәтижесінде 1075 адам кезектен шығарылды. ҚР заңнамасы аясында қалған 4650-ін кезектен шығару шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының аға қызметкері Жәнібек Сұлтанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама