Қазір көрші елден тәулігіне 8-9 мың адам келеді
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға келіп жатқан ресейліктердің саны елден шығып жатқандардан аз екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қазір жағдай қалыпқа келді. Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны шығып жатқандардан аз. Тәулігіне Ресейден 8-9 мың адам келеді, ал (Қазақстаннан – автор) 10-11 мың адам шығып жатыр. Осылайша, жағдай бұрынғы нормаға келді», - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.
Бұған дейін Ішкі істер министрі елден депортацияланған ресейліктер бар екенін, бірақ олардың нақты санын айта алмайтынын жеткізді.
«Бұл тек Ресей азаматтары емес. Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғандар сот шешімі бойынша елден шығарылады», - деді ведомство басшысы.