×

Қостанайда 74 рет жол ережесін бұзған көліктің иесі анықталды

«Porsche Cayenne-нің» иесіне айыппұл салынып, машинасы автотұраққа қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 11:47
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында 4 мыңнан астам жүргізуші жол ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, биылдан бастап жол ережелерін бұзушыларды анықтау үшін «Ekin Patrol G2» кешенінің мүмкіндіктері пайдаланылуда. Автокешендер әкімшілік жауапкершіліктен бас тартқан көлік иелерін анықтайды.

Полициямен жүргізілген рейдтер барысында «Porsche Cayenne» автокөлігі анықталды. Осы көліктің иесі соңғы екі айда 74 рет жол ережесін бұзған. Көліктің жүргізушісінің Қостанай облысында 66 рет, Астана қаласында 6 рет және екі рет Қарағанды қаласында ережені бұзғаны тіркелген. Жүргізушіге 1,7 млн теңге айыппұл салынды. Автокөлік Қостанай қаласының мамандандырылған тұрағына қойылды.

Тағы бір жол ережесін бұзып жүрген жүргізуші Жітіқара қаласында анықталды. Ол ресейлік есептегі автокөлікті жүргізіп, 15 күннің ішінде 900 мың теңгеге жуық сомаға 42 рет жол ережесін бұзған. Меңдіқара ауданында «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің иесі  274 мың теңгеден астам сомаға 16 рет жол ережесі бұзғаны анықталды. Қарабалық ауданында Рубеж бекетінде ресейлік есептегі Lada Vesta автомашинасының жүргізушісі 363 мың теңгеден астам сомаға 13 рет жол ережесін бұзған. Жалпы, облыста бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК 230-бабы 2-бөлігі бойынша міндетті сақтандыру туралы шарт жасасудан жалтарғаны үшін 112 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама