Halyq Uni логотип
×

Ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің 70% мөлшеріндегі үлесін және «Alan Parking» ЖШС-нің 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түскен еді

 Динара Амантай 18.10.2022 | 11:22
Ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Фото: Halyq Uni

«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Принбеков пен «AlanParking» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 14 қазанда сот қаулысымен тергеу органдарының Принбековке қатысты қамауда ұстау мерзімін 15 қарашаға дейін 7 айға ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, - деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Сондай-ақ қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 23 қыркүйекте тергеу органдарының Базарбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 7 айға, яғни 26 қазанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтінішін қанағаттандырған.

Айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімі бұған дейін де ұзартылған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Alan Parking» ЖШС-нің директоры Мұхтар Базарбаевтың 14 сәуір күні екі айға қамауға алынғаны тұралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің директоры Марат Принбеков те қамауда отыр.

25 сәуірде «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің 70% мөлшеріндегі үлесін және «Alan Parking» ЖШС-нің 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түсіп, ақылы автотұрақтар қаланың коммуналдық меншігіне өз еркімен қайтарылғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама