Елімізде жасөспірімдерге арналған ресейлік вакцина мақұлданды
Ол 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы «Спутник М» (Гам-КОВИД-Вак-М) вакцинасы тіркелді. Еліміздің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті вакцинаны 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Гам-КОВИД-Вак-М - SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін векторлық вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, компоненті I-0,5 мл/доза + компоненті II-0,5 мл/доза, Ресей Федерациясында өндірілген, – дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Вакцина Қазақстан аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы негізінде тіркелді. Аталған вакцина 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған.
«Спутник М» мен «Спутник V» арасындағы айырмашылық аденовирустық бөлшектердің концентрациясының бес есе төмендеуі болып саналады. Соның арқасында жасөспірімдер иммунитеті ересектерге арналған дозаны қолданумен салыстырғанда аз жүктемеге ұшырайды», – деді министрлік.