Келтірілген залал сомасы 7 млн теңгеден асады
Елорда тұрғынын алдаған 77 жастағы зейнеткер ұсталды деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.
Полиция басқармасының мәліметінше, қала тұрғынынан шағым түскен. Оның танысы мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп ақшасын алып, бермей қойған.
Байқоңыр ауданы ПБ Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 77 жастағы зейнеткерді ұстады.
Тергеу барысында күдікті кез келген мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп жәбірленушінің 7 млн 450 мың теңгесін алған. Кейін зейнеткер әртүрлі сылтаулар айтып, уәдесін орындамай, хабарсыз кеткен. Алаяққа алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға шағымданды, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерекке қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оның елордада осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.