«Мінез көрсететін уақыт келді». Депутат министрге кеңес берді

Дәурен Ерболат

Жол құрылысымен айналысатын кейбір компаниялар тендерге қатыса алмай отыр екен

Фото: Қайырбек Өскенбаев, Ғалым Әміреев

Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа кеңес берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутат министрді 2 мәселеге назар аударуға шақырды.

Соңғы кезде жол құрылысымен айналысып жатқан компаниялардың атынан 2 мәселені айтқым келеді. Қайырбек Айтбайұлы, бұл – сіздің салаңыз. Біріншіден, битум мәселесі реттеле ме, реттелмей ме? Бұл проблеманы бір жағына шығару керек. Екіншіден, кезінде қабылданған жақсы ережелер бар. Алайда біз шетелдік ұйымдардан (республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу үшін – автор) қарыз алған кезде жобалар бірден халықаралық болып, сол ұйымдардың ережесімен өткіземіз. Қазір сол ережемен көп тендер өтпей жатыр. Оған қатысуға қазақстандық компаниялар қауқарсыз. Осы 2 мәселені ретке келтіру керек. Сіздің қолыңыздан келеді. Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, ел басқару білімнен емес, мінезден. Қайырбек Айтбайұлы, мінезді көрсететін уақыт келді, - деді Ғалым Әміреев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Айта кетейік, осыған дейін депутат Атырау облысының жолын қатты сынға алған еді.