×

Орта мектептерге жылына Назарбаев зияткерлік мектебінен 3,7 есе аз қаржы бөлінеді

Қаржыландырудағы айырмашылық ауыл мектептері санының азаюына әкеп соққан

 Еркеғали Болатұлы 17.10.2022 | 12:44
фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік мектептің бюджеті Назарбаев зияткерлік мектебінің бюджетінен 3,7 есе аз. Бұл тарулы ranking.kz хабарлады.

Мысалы, биыл 21 зияткерлік мектепке 12,4 млрд теңге бөлінсе, 7 550 мемлекеттік мектепке 1,2 трлн теңге ғана аударылған.

Осылайша 2022 жылы бір мемлекеттік мектептің бюджеті 159 млн теңге болды. Бұл бір зияткерлік мектептің бюджетінен 3,7 есе аз (592,1 млн теңге), - деп жазылған ақпаратта.

Мемлекеттік мектептерге бөлінетін қаржы сапалы біліммен қамтуға, орта білім беруді жаңғыртуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмсалады. Дегенмен ауылдық жерлердің біразында оқушылар апаттық мектептерде білім алып жүр.

Сондай-ақ материалдық-техникалық база жағынан ауыл және қала мектептері арасындағы айырмашылық – жер мен көктей. Қаржыландырудағы айырмашылық, әлеуметтік және көші-қон факторлары ауыл мектептері санының азаюына әкеп соғып жатыр. Айталық, 2015 жылы ауылдағы мектеп саны 5 546 болса, 2021 жылдың соңына қарай 5 262-ге азайған.

Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында 34 орта мектептің апатты жағдайда екені белгілі болды. Олардың барлығы – ауылдық жерлердегі білім ошақтары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама