Соғыстағы ресейлік сарбаз қазаққа тіл тигізгені үшін таяқ жеп қалды (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Видеодан бір топ сарбаздың оған кешірім сұратып тұрғанын көруге болады

фото: ашық дереккөз

Мобилизация бойынша әскерге алынған Ресей әскері бір-бірімен жағаласып жүр. Кикілжіңге орыстардың бірінің «барлық қазақтарды бауыздау керек» деген ұлтаралық араздық тудыратын сөзі себеп болған.

Аңдамай сөйлеген сарбазды ұрып-соғып жатқан видео Paranoia.kz Telegram арнасына жарияланды. Одан бір топ сарбаздың кінәлі қаруласын қоршап алып, бетіне соққы жасап, кешірім сұратып тұрғанын көруге болады.

«Егер қазақтар туралы тағы бір осындай сөз айтсаң, жақсылық күтпе! Барлық қазақ халқы сендер үшін соғысып, сендер үшін қан төгіп жүр, оңбаған! Есіңде болсын», - дейді оны соққыға жыққан топ.

Сондай-ақ олар қазақтармен қатар, өзге ұлттардың да орыстар үшін соғысып жүргенін ескертіп қойды.

Ескерту: Видеода балағат сөздер бар.