Екібастұзда баласын балабақшаға апаруға шыққан жігіт 3 күннен бері жоқ
Көрген адам табылмады
Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам 3 күннен бері табылмай жатыр деп хабарлады Павлодардың «Вита» іздеушілері әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетсек, ол баласын балабақшаға апарған. Содан бері ұшты-күйлі жоғалған. Жұмысына да бармаған. Іздеушілер оның үйден балабақшаға дейінгі бағытын анықтаған. Сонымен қатар, қала тұрғындарынан да сұрыстырылып жатыр.
Алайда көрген адам табылмады. Із кесуші иттермен гараждар тексеріліп жатыр, - делінген хабарламада.
Қазір іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермей тұр. Алайда әлі жалғасып жатыр.