Ресейден 1 620 елді мекен азат етілді. Әзірше...
АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің әскери шенеуніктері Украина алдағы аптада ресейлік басқыншыларды Херсон облысынан тайлы-тұяғымен айдап шығуы мүмкін екенін айтады.
Бұл туралы Financial Times хабарлады.
Украина күштері Ресейдің Херсон облысындағы майдан шебін қазан айының басында бұзып-жарып өтті. Сол кезде оны Ресей Қорғаныс министрі мойындады. Бұл Украинаның ақпан айында РФ қарулы күштерінің басып кіргелі уақыттан бергі оңтүстіктегі бірінші мәрте ілгері жылжуы болды. Сол мерзімнен бері Украина Днепрдің батысындағы территорияның айтарлықтай бөлігін қайтарып алды, – делінген хабарламада.
Украина Қарулы күштерінің «Оңтүстік» жедел командованиесі Херсон облысының тағы бес елді мекенінің Ресей басқыншыларынан азат етілгенін, ресейлік бақылау бекеті мен командалық-бақылау орталығының және екі буксирлі гаубицасының жойылғанын мәлімдеді.
Егер украин жауынгерлерінің қарқынды шабуылдары жалғаса берсе, Батыс әскерилерінің болжамы бойынша, Украина алдағы аптада Херсоннан Днепрге дейінгі аралықты қайтарып ала алады.
FT басылымының хабарлауынша, Ресейдің қойған итаршы Владимир Сальдо мен жақтаушысы Кирилл Стремоусовтың отбасыларын Херсон облысынан жанталаса көшіріп жатқандарының өзі орыстар үшін жағдайдың аса қиын екенін аңғарта түседі.
Газет Путинді сынаушылардың біріне айналған Кремльдің бұрынғы сарапшысы Станислав Белковскийдің пікірін де жариялады. Ол Telegram-да Ресейдің енді «Херсон үшін шешуші шайқас» өткізгелі тұрғанын жазды.
«РФ Херсон қаласы үшін шешуші шайқасқа дайын. Осы үшін Ресейге Херсон облысы тұрғындарының бір бөлігін көшіріп әкетуді жоспарластырып отыр. Шамасы, Кремль мен әскер командование РФ-ның өзі аннексиялап алған облысты ұстап тұру мүмкіндігінің аз екенін мойындаса керек» деп атап өтті ол.
Украина соғыс басталғалы бері Ресейден 1 620 елді мекенді азат етті. Соның ішінде Херсон өңірінде 72 ауыл-аймақ қайтарылды. Әзірше...