Қайғылы оқиға теміржол желісінде болған
Маңғыстау облысында жұмыс орнында ер адамды бетон тіреу басып қалып, салдарынан жұмысшы қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, lada.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 14 қазанда Маңғыстау облысындағы «РЖД-14-РЖД-15» желісінде жұмысшы кабельдерді тарту жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапқан.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.