Halyq Uni логотип
×

Қарағандылық әйел сауда үйінде кассир қызды бір ұрып сұлатты (ВИДЕО)

Әйелге 2 мың АЕК-ке дейін, яғни 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін

 Динара Амантай 14.10.2022 | 17:41
Қарағандылық әйел сауда үйінде кассир қызды бір ұрып сұлатты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды полицейлері сауда үйінде 18 жастағы кассир қызды бір ұрып құлатқан 48 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Ануар» сауда үйінде сатып алушы мен кассирдің арасында болған жанжал бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары барысында екі жақтың да дәйектері тексерілетін болады, - делінген полиция хабарламасында.

Бұл бап бойынша әйелге 2 мың АЕК-ке дейін, яғни 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынады немесе 600 сағатқа дейін түзеу жұмыстарына тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама