235 – 259 шақырымды қамтитын проблемалық учаскінің мәселесі шешілді
«Астана-Ерейментау-Павлодар» республикалық автожолындағы проблемалық учаскіде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
Ол Instagram-дағы парақшасында Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Павлодар» республикалық автожолындағы 235 – 259 шақырымды қамтитын проблемалық учаскіде жөндеу жұмыстары аяқталғанын, жөндеу жұмыстарымен «АстанаСтройМонтажИнжиниринг» серіктестігі айналысқанын, 138 мың шаршы метр жол жөнделіп, жөндеуге 35 жол-құрылыс техникасының жұмылдырылғанын атап өтті.
«Қазір жолға асфальтбетонды төсеу жұмыстары толығымен бітті», – деді ол.
Министрдің айтуынша, автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының сапасына қатысты мәселе ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында да айтылғанын атап өтті.
«Бұл бағыттағы жұмыстар министрлігіміздің күн тәртібінен түспейді», – деді Қайырбек Өскенбаев.