×

Алматыда бес есірткі зертханасы табылды

Ұсталған адамдардың әрқайсысы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 14.10.2022 | 15:22
фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 461 құқық бұзушылықты анықтады.

Заңсыз айналымнан 600 килоға жуық есірткі тәркіленді. Оның 15 килосы «синтетика». Сонымен бірге іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық препараттарды шығаратын 5 зертхана табылды. Қарапайым үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 20-23 жас аралығындағы алты жас жігіт ұсталды. Ғимаратты тінту кезінде химиялық реагенттер, синтетикалық есірткі өндіруге арналған түрлі компоненттер, сондай-ақ, сатуға дайын 6 келіге жуық мефедрон тәркіленді. Бұл өнімнің сатылымдағы бағасы 150 миллион теңге болар еді, –  деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Оның айтуынша, оңай жолмен ақша тапқысы келгендердің әрқайсысы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама