×

Алматыда жетінші баласына жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонаған

Ол күйеуіне мылтық, тапанша, патрондар және басқа да оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен

 Халық үні 22.02.2022 | 09:30

Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, жетінші баласына жүкті әйел күйеуіне мылтық, тапанша, патрондар әрі басқа да оқ-дәрілерді ұрлауға жәрдемдескен.

Үйдің ішін тінту кезінде тәркіленгендердің арасында тоғыз сайга стволы, екі мылтық, винтовка, тапанша, патрондар, резеңке дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар болды. 25 жастағы Т. есімді жігіт ұрланған қару-жарақ салынған бумаларды жеке үйінің алдындағы аумаққа көмген. Сондай-ақ күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Бұл кезде оның қасында әйелі болған. Ол күйеуінің ойланбай жасаған әрекетін, қылмыс жасауын тоқтатудың орнына ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерек қылмыстық кодекстің 291-бабы 3-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар және жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу) квалификацияланған. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47