Ақтөбеде аула сыпырушылар жарты жылдан бері жалақысыз жұмыс істеп жүр
«Тазалық Групп LTD» компаниясының қызметкерлері сәуір айынан бастап айлық алмаған
«Тазалық Групп» ЖШС Ақтөбе көшелері мен аулаларын абаттандырумен және қоқыс тазартумен айналысатын қызметкерлері сәуір айынан бастап жалақысыз жұмыс істеп жүр.
Бұл туралы «Диапазон» газеті хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, аула сыпырушылар жалдамалы пәтерде тұратындарын, қарыздары бар екенін айтып, шағымданып келеді. Алайда олардың проблемасын шешетін адам табылмай отыр.
Көше сыпырушылар маусым айынна дейін жұмыстарын жалақы алмай істеген. Ал маусымнан бастап мүлдем жұмыссыз қалған. Алайда жұмыс беруші заң бойынша қайтадан жұмыс пайда болғанға дейін жалақының 50%-ын төлеуге уәде берген. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кейбір қызметкерлермен еңбек шарты жасалмаған. Еңбек қызметі туралы ешқандай құжатқа қол қойылмаған. ЖШС қызметкерлерінің бірі директор 4 айдан бері жалақы екі күн ішінде келеді деп бос уәде беріп келгенін айтады, – делінген материалда.
Компания басшысы Артем Найденов жұмысшылардың жалақысы екі күн ішінде есептеліп, жіберетінін айтып, басқа сұрақтарға жауап бермеген. Еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Искаринның айтуынша, амалы таусылған жұмысшыларға компанияның қанша қарыз екенін белгілеп жатыр.