Коронавирус: 900-ге жуық адам үйде емделіп жатыр

Дәурен Ерболат

4 науқастың жағдайы өте ауыр

Фото: vlast.kz

Елімізде 1 мыңнан аса адам COVID-19-дан емделуде деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 55 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 1 млн 394 мың 186 адамға жетті. Ауру салдарынан 13 мың 692 адам қайтыс болды.

14 қазандағы мәлімет бойынша 1 мың 8 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 110 пациент стационарда, 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.