Шымкентте екі студент дарға асылған күйінде табылды
Тағы бір адам жол апатынан қаза тапты
Шымкент политехникалық колледжінің екі студенті бір уақытта дарға асылған күйінде табылды. Үшінші студент жол апатынан қаза тапты.
Бұл туралы otyrar.kz порталы хабарлады.
Шымкент политехникалық колледжі студенттерінің қазасы осы оқу орнында жұмыс істейтін қызметкерлер мен студенттердің барлығының жағасын ұстатты. Ата-аналар да балаларын оқуға жіберу қорқатындарын жасырмайды.
Дарға асылған студенттің бірі политехникалық колледждің екінші курсында оқыған. Ол 17 жаста болған. Оның денесі алғашқы қоңыраудан 12 күн өткен соң Достық шағын ауданындағы автотұрақтардың бірінен табылды. Осыдан кейін тағы бір студент 15 қыркүйекте аулада өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған.
Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, осы колледждің тағы бір студенті сол уақытта жол апатынан қаза тапты.
Қаза тапқандардың үшеуі бір колледждің студенттері болған. Олар бір факультетте оқыған.