×

Баянауылдың тұрғындары жолдарды өздері жамап жүр

Жөндеу жұмысы келесі жылға қалды

 Дәурен Ерболат 13.10.2022 | 17:07
Фото: depositphotos.com

Баянауылда тұрғындар орталық көшелердегі жолды өздері жамап жүр, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Баянауыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Азамат Төлеуханұлы есімді тұрғын орталықтағы жол жөнделмегенін айтып шағымданды.

Жүсіпбек Аймауытов көшесіндегі жолдың жағдайы мәз емес. Аудандағы жолдар жөнделгенімен орталықтағы бұл көше жөнделген жоқ. Жолға өзіміз қиыршықтас әкеліп төседік. Онда асфальт төселсе, нұр үстіне нұр болады, - деді тұрғын.

Өңір басшысы облыстағы жолдар жөнделіп жатқанын атап өтті. Жиыннан соң Әбілқайыр Сқақов тұрғынмен бірге Жүсіпбек Аймауытов көшесіне барды.

Кейін Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожинов жылдың аяғына дейін смета жасап, жолды келесі жылы жөндейтінін атап өтті. Ол аудандағы 11 қысқа көше жөнделетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама