Белгілі шетел ғалымдарымен бірге заманауи ғылыми зерттеу университеті құрылады
Парламент Сенаттың бұрынғы депутаты Ақылбек Күрішбаев қай салада жұмыс істейтінін айтты.
Ол Сенаттың жалпы отырысында депутат ретінде өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін белгілі шетел ғалымдарымен бірге құрылатын замануи ғылыми зерттеу университетіне басшы болып баратынын атап өтті.
Біздің еліміз – аграрлық мемлекет. Біздің болашағымыз мұнайға емес, аграрлық саланың дамуына байланысты. Сондықтан, алдағы жылдары президент саясатының шеңберінде ауыл шарушылығы саласында үлкен серпіліс болады. Осындай үлкен серпіліс болу үшін бізге жаңа форматтағы кадрлар керек. Жаңа технологияларға ауысуымыз керек. Ол үшін мемлекетімізде халықаралық деңгейдегі белгілі шетелдің ғалымдарымен бірге заманауи ғылыми зерттеу университеті құрылады, – деді Ақылбек Күрішбаев.
Парламенті Сенатының экс-депутаты Ақылбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде өзі өтініш жасаған.