Кәсіпорын белшесінен шығынға батқан
Бүгінде Семейді жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын көмір сатып алуға ақша таппай отыр. Соның салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі
Ол шаһарды жылумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті.
Семей қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсіпорны шығынға батып жатыр. Сондықтан мекеменің көмір сатып алуға ақшасы жоқ. Соның салдарынан қала тұрғындар жылусыз қалуы мүмкін, – деді депутат Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Бүгінде кәсіпорынның берешегі 3 млрд теңгеге жуықтаған.
«Қазіргі таңда «Теплокоммунэнергоның» кредиторлық берешегі – 2,9 млрд теңге. Оның ішінде жалақы бойынша қарызы – 318 млн теңге. Мен Үкімет резервінен 1,4 млрд теңге бөлуді сұраймын. Семей тұрғындарының жылусыз қалу қаупі өте жоғары болып тұр. Сондықтан бұл мәселені шешу керек», – деді Айнұр Арғынбеков.