Биыл қауіп-қатерден 9 мыңнан астам адам құтқарылды
10 627 адам эвакуацияланып, 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді
Жыл басынан бері ТЖМ күштерімен 9 мыңнан астам адам құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде түрлі қауіп-қатерден 9 мыңнан астам адам құтқарылды. Сонымен бірге 10 627 адам эвакуацияланып, 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
9 727 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелді. Онда 1 481 адам зардап шекті, – делінген хабарламада.
Министрліктің хабаралуынша, кезекші-диспетчерлік бөлімшелері SMS-хабарламалардың бекітілген тізбесіне сәйкес ұялы байланыс телефондарына SMS-хабарламаларды жіберу арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы халықты хабардар ету жөнінде дереу шаралар қабылдайды.
Ұялы байланыс операторлары арқылы халыққа дауылды ескерту (көктайғақ, қатты жел, боран, қатты аяз, жаңбыр суының қаупі, қар көшкіні қаупі және т.б.), тас жолдарының жабылуы, сабақтардың тоқтатылуы бойынша 4558 смс-хабарлама жіберіледі.
Министрліктің қарамағындағы ведомстволар мен мекемелерде өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, диспетчерлер мен ұшқыштар қызмет етеді.