46 және 47 жастағы екі күдікті анықталды
Қостанай облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы анықталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 4 қазанда полицияға 34 жастағы жергілікті тұрғын «Қыпшақ» жайылымының жанында 46 жылқы жоғалып кеткенін хабарлаған. Шығын 23 млн теңгені құрады.
Ер адамның айтуынша, фермада үш жылқы үйірі болған. Малдың жүрген жерін бақылап отыру үшін әр үйірдегі жылқылардың біріне GPS трекері бекітілген. Қыркүйек айының ортасында жоғалған үйірден белгінің түсуі тоқтаған. Иесі іздеуді өз бетінше жалғастырған.
Қылмысты ашу үшін полиция басқармасында екі жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел жұмыс нәтижесінде Арқалық қаласының полицейлері екі күн ішінде 46 және 47 жастағы екі күдіктіні –Ақмола облысының тұрғындарын анықтады.
Жедел уәкілдер күдіктілердің мал ұрлау үшін облыс аумағындағы және көрші өңірлердегі жайылымдарды арнайы аралағанын анықтады. Ер адамдар көлікпен және мотоциклмен жүріп отырған. Терісаққан ауылынан 200 шақырым жол жүріп өтіп, олар жылқылар шоғырын байқап, оны Ақмола облысына айдап әкетуді шешеді. Далалық жолда жылқы ұрлаушылар ұрланған малды қораға айдап, онда үйір айғырынан трекетті алып тастайды. Ақмола облысында күдіктілер келесі күні малды жергілікті тұрғындарға сатып үлгереді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы («Мал ұрлығы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.