ШҚО-да полицей әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Қылмыстық істі тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеше облыста патрульдік полиция инспекторының қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бүгінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. 36 жастағы күдікті – жәбірленушінің серіктесі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған ШҚО ПД таратқан хабарламада.
Оқиға орнына облыс прокуроры, полиция департаментінің басшысы, жеке қауіпсіздік департаментінің басшысы, сондай-ақ ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі барды.
Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.