Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматыда кінәлі азаматты жауапқа тартпады деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ІІО қатарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жазаның бұлтартпастығы қағидаттарын іске асыра отырып, бүгін жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін Алмалы ауданы ПБ ӘПБ қызметкерін, 1986 жылы туған Б. есімді азаматты ұстады, - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.