Есеп комитеті 3,4 трлн теңгенің игерілуін тексеріп жатыр
Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді
Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берді. Осы уақытта барлығы 3,4 трлн теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген.
Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 трлн теңге қаржысы қамтылған.
Сонымен қатар президентке салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды.
Кездесуде президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.