Президенттер Ресей мен Орталық Азияның болашағын талқыға салады
Маңызды кездесуге 6 елдің мемлекет басшысы қатысады
Астанада «Орталық Азия-Ресей» саммиті өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі
Биыл 14 қазанда Астанада «Орталық Азия-Ресей» саммиті өтеді. Жоғары деңгейдегі кездесу барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылайды. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарланып отыр. Онда Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері көрсетіледі, - деді Айбек Смадияров елордада өткен брифингте.
Сондай-ақ қорытынды құжатта саясат пен қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы одан әрі өзара іс-қимылдың перспективасы көрсетіледі.