Шымкентте анасы мен қызын жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті
43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы көз жұмды
Шымкентте жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында анасы мен қызын қағып кетті деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 9.35 шамасында Шымкент қаласының Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.