Қазақстанда бес күнде 13 майнинг фермасы анықталды

Қымбат Елтайқызы

Олардың жалпы қуаты 202 МВт болды

фото: Halyq Uni

Жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг фермасы анықталды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жақында Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің (мобильдік топ) қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексеру жүргізді.

Мобильді топтар жүргізген тексеру нәтижесінде соңғы 5 күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг фермасын анықтап, жұмысын тоқтатты, – дейді Энергетика министрлігі.

Цифрлық майнинг объектілері қызметінде анықталған фактілер бойынша мобильді топтар жұмысының нәтижесі:

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі: Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 МВт, Павлодар облысында - 22 МВт, Түркістан облысында - 3,28 МВт, Ақмола облысында - 1,03 МВт, Қостанай облысында - 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында - 1,8 МВт, Алматы қаласында - 3,5 МВт, Шымкент қаласында – 4 МВт. Сондай-ақ цифрлық майнингке өздігінен шектеу енгізілген: Батыс Қазақстан облысында - 91 МВт, Қарағанды облысында - 44 МВт.

Майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топ жұмысы жалғасады. Бұнымен қатар анықталған майнинг фермалары бойынша уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.