Бала туу көрсеткіші ауылдарда жоғары – министр
Ауылдағы ана өлімі қалаға қарағанда 2 есе төмен
Былтыр ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Бұл туралы Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
«2021 жылы ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Биылдың 7 айдағы қортындысы бойынша республикалық көрсеткіштен 5 пайызға жоғары», - деді министр.
Министрдің мәліметінше, Қазақстанда жалпы өлім көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 14 пайызға төмендеген.
Биыл 6 айдың қорытындысы бойынша ауылдағы ана өлімі қалаға қарағанда 2 есе төмен. Осы жылы нәресте өлімі былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауылдарда 30,6 пайызға өскені байқалды. Ауылда бала өлімі қаламен салыстырғанда 38,7 пайызға төмен. Нәресте өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты, – деді Денсаулық сақтау министрі.
Бұдан бөлек, ведомство басшысы ауылдағылар қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін айтты.