Күдікті жергілікті тұрғынды 6,5 млн теңгеге алдаған
Шымкентте банктың бұрынғы бастығы тағы да алаяқтық жасап, ұсталды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
3 қазанда қаланың Абай аудандық полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс азаматтың банкте кепілде тұрған үйін бұғаттан шешіп, қайтарып беремін деп сеніміне кіріп, 6,5 млн теңгені алып кеткенін айтты. Ол алаяқтықтың төрт айдан бері ақшасын әне беремін, міне беремін деп жүріп алдағанын жеткізді. Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіруді бастап, күдіктінің жеке-басы анықтап, ұстады. Ол Шымкент қаласының 56 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның бұған дейін екінші дәрежелі банктердің бірінде басшылық лауазымды қызметтерді атқарғаны анықталды.
Тергеуде күдіктінің адамдарды алдауға ақша табу үшін барғаны белгілі болды. Ол 6,5 млн теігені өз пайдасына жұмсап жіберген. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.