Қырым көпірін Украинаның арнайы қызметі жарды – Путин

Дастан Жұмабекұлы

Оларға шетелде тұрып жатқан Ресей азаматтары көмектесті

фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин Қырым көпіріндегі жарылыс туралы мәлімдеме жасады.

Ол Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинмен кездесіп, оның Қырым көпіріндегі жарылыс туралы алдын ала есебін тыңдады.  

Кездесуде Бастрыкин Путинге көпірдегі жарылыстың себебін анықтау мақсатында Федералды қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге алдын ала зерттеу жүргізілгенін айтып, терактіні Украинаның арнайы қызметінің ұйымдастырғанын жеткізді. Ол жарылысқа шетелде тұрып жатқан Ресей азаматтырының да қатысы бар екенін ескертті.

Қырым көпірі - Ресейдің аса маңызды азаматтық инфрақұрылымының бірі. Оны жаруға Украинаның арнайы қызметі жан-жақты дайындалды. Оларға шетелде тұрып жатқан Ресей азаматтары көмектесті. Көпірді жарған автобустың жүргізушісі Болгария, Грузия, Армения, Солтүстік Осетия мен Краснодар өлкесі бойынша жүріп өткен, –  деді ол.

Кездесуде Путин Бастрыкиннің есебін тыңдап болған соң, жарылысқа Украинаның арнайы қызметінің кінәлі екеніне күмән келтірмейтінін айтты.

Олар маңызды азаматтық инфрақұрылымға террористік акт жасауға тапсырма берген. Сондықтан жарылысқа тапсырма беріп, соны ұйымдастырған Украинаның арнайы қызметі деуге болады. Олар соның авторы, –  деді Путин.

Осы оқиғаға байланысты Ресейде Қылмыстық кодекстің 205 бабы, яғни «Терроризм» бойынша қылмыстық іс қозғалды.