Атырауда бір түнде екі жол апаты болып, 2 адам қаза тапты
Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді
Атырауда бір түнде екі жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі Құлсары - Ақкиізтоғай тасжолының 17-ші шақырымында аударылып, салдарынан 44 жастағы жүргізушісі қаза тапқан.
Сондай-ақ, сағат 06:30 шамасында Доссор - Бейнеу тасжолының 104-ші шақырымында Lada Largus автокөлігі аударылып, бір жолаушы қаза тапты, – деді Жылыой аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мұрат Демегенов.
Оның айтуынша, көлікте жеті адам болған. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.